Көпқұдайшылықтан (Аллаһқа серік қосудан) қорқудың қажет екендігі туралы

«Ән-Ниса» сүресі, 48 және 116 аяттар:

إِنَّ اللَّهَ لا يَغْفِرُ أَنْ يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَنْ يَشَاءُ وَمَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدِ افْتَرَى إِثْمًا عَظِيمًا (٤٨)

Расында, Аллаһ Өзіне ортақ қосуды жарылқамайды да, бұдан өзгені қалаған кісісіне жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа ортақ қосса, расында, жала қойып, зор күнәлі болды».

«Ибраһим» сүресі, 35-аят:

وإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ رَبِّ اجْعَلْ هَذَا الْبَلَدَ آمِنًا وَاجْنُبْنِي وَبَنِيَّ أَنْ نَعْبُدَ الأصْنَامَ (٣٥)

”Сол кезде Ибраһим: «Раббым! Осы қаланы (Меккені) бейбіт қыл! Және мені әрі ұлдарымды пұттарға құлшылық етуден сақтай гөр!», – деді”.

Тараудың «Бірқұдайшылық кітабына» сәйкестілігі:

Автор, Аллаһ оны рахымына бөлесін, таухид пен оның артықшылығы және оны іске асыру туралы баяндап болған соң, таухидке қарама-қайшы болған нәрседен қорқудың қажетті екенін түсіндіргісі келді, ал бұл болса – ширк. Бұдағы оның көздеген мақсаты – мүминдер ширктен сақ болып, өз жандары үшін қорқуы еді.



Осы аяттардан алынатын пайдалар:

1. Аятта Аллаһқа серік қосу (көпқұдайшылық, ширк) үлкен күнәлардың ең қорқыныштысы екеніне нұсқау бар, өйткені пәк Аллаһ Тағала одан (ширктен) тәубе етпеген адамды кешірмейтіні туралы хабарлады.

2. Аятта егер адам ширктен кіші болған күнәлары үшін тәубе етпесе де, ол Аллаһтың қалауының астында болатынына нұсқау бар. Яғни егер Аллаһ қаласа – оны тәубесіз-ақ кешіріп жібереді, ал егер қаласа – жазалайды. Ал ширкті Пәк Аллаһ Тағала тәубесіз кешірмейді, әрі бұда ширктің аса зор қауіптілігіне нұсқау бар.

3. Аятта Аллаһқа серік қосудан (көпқұдайшылықтан) қорқудың қажетті екене нұсқау бар. Бұл пұттарды өз қолымен қиратқан бірқұдайшыл имам болғанына қарамастан, көпқұдайшылыққа түсіп кетуден қорыққан Ибраһимнің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мысалында көрсетіледі. Ендеше, басқа адамдар туралы не айтуға болмақ?!

4. Аятта Аллаһқа бүкіл қайғы-қасіреттерден қорғауын сұрап жалбарынудың рұқсат етілетініне, сондай-ақ адам өз Раббысына толығымен тәуелді екеніне нұсқау бар.

5. Аятта Аллаһқа өзіңді және ұрпақтарыңды қорғауын сұрап дұға етудің рұқсат етілетіндігіне нұсқау бар.

6. Аятта өздері ширк істегендердің қатарына түсіп кеткендігіне қарамастан, бұл үмметте ширк орын алмайды деп, әрі өздерін одан сақталған деп мәлімдейтін білімсіздерді теріске шығару бар.



------------------------------------------------------------------------------------------------

Хадистердің бірінде былай деп айтылған:«Мен бәрінен де көбірек сендер кіші ширк жасайсыңдар ма деп қорқамын».Одан: «Бұл не?», - деп сұраған кезде, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Көзбояушылық (рия)», - деп жауап берді (имам Ахмад 429, 428/5, әт-Табарани «Мулжам әл-Кабир» 253/4 және 4301).

Хадистен алынатын пайдалар:

1. Хадисте кіші ширкке түсуден қатты қорқу қажет екеніне нұсқау бар, өткені:

Біріншіден, Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдардың осыған түсіп кететінінен қатты қорыққан болатын;

Екіншіден, ол бұған тіпті салиқалы адамдардың ең жақсылары, әрі салиқалылығы олардан төмен болғандардың тіптен түсіп кетуінен қорыққан еді.

2. Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз үмметі үшін жаны ашып, қам жегеніне әрі олардың Тура жолмен жүруіне ұмтылғанына, сондай-ақ оларға ықыласты қарым-қатынас жасағанына нұсқау бар.

3. Хадисте ширк үлкен және кіші болып екі түрге бөлінетініне нұсқау бар.

Үлкен ширк – бұл Пәк Аллаһ Тағалаға ғана тән болған және Оның ғана сипаты болып табылатын нәрселерде Оған әлдебіреуді ұқсату, теңеу.

Кіші ширк – бұл шариғи мәтіндерде ширк деп аталатын, бірақ үлкен ширктің дәрежесіне жетпейтін нәрсе.

Үлкен ширк пен кіші ширктің айырмашылығы үлкен ширк бүкіл амалдарды жоятындығында, ал кіші ширк тек өзі араласқан амалдарды ғана зая ететінінде, сондай-ақ үлкен ширк оны істеген адамды (ол осынысына тәубе етпей өлсе) мәңгі Тозаққа кіргізетінінде, ал кіші ширк болса, оны істеген адамның Тозақта мәңгі қалуымен міндеттемейтінінде. Сол сияқты үлкен ширк адамды Исламнан шығарады, ал кіші ширк – шығармайды, бірақ соған қарамастан, кіші ширк те қорқынышты күнә болып табылады.

------------------------------------------------------------------------------------------------

Абдуллаһ ибн Масғудтан (Аллаһоған разы болсын) жеткен, ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Аллаһпен қатар басқа біреуге жалбарынған күйінде өлсе, Отқа түседі», - деп айтқанын хабарлаған хадис (Бухари 4497, Муслим 92).

Хадистен алынатын пайдалар:

1. Хадисте көпқұдайшылықтан қорқудың міндетті екеніне нұсқау және ол үшін өлімнен бұрын тәубе етуге ынталандыру бар.

2. Хадисте Аллаһтан басқа кімге болсын, мейлі олар періштелер, пайғамбарлар, әулиелер, талдар, тастар, әруақтар болсын, жалбарынып дұға ететіннің әрбірі сонысымен оларды Аллаһ Тағалаға теңейтініне (яғни ширк жасайтынына) нұсқау бар.

3. Хадисте ширк, егер адам одан тәубе етпесе, кешірілмейтініне нұсқау бар.

---------------------------------------------------------------------------------------------

Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын) ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген хадис: «Кім Аллаһқа Оған ешкімді серік қоспаған күйінде жолықса, сол Жәннатқа кіреді. Ал кім Аллаһқа Оған серік қосқан күйінде жолықса, сол Отқа түседі» (Муслим 93, Ахмад 345/3).

Жәбир ибн Абдуллаһ ибн Амр ибн Хирам әл-Ансари – атақты сахаба және сахабаның ұлы (Аллаһ оларға разы болсын). Ол өте көп хадистер жеткізген. Оның әкесі Ухуд шайқасында қаза табады. Жәбирдің өзі болса Мәдинада һижраның 70 жылынан кейін 94 жасында қайтыс болды.

Хадистен алынатын пайдалар:

1. Хадисте ширктен қорқудың міндетті екеніне нұсқау бар, өйткені Оттан қорғау болатын шарт - адамның ширкке қатыссыз болуы.

2. Хадисте Есеп беретін Күні адамға, егер ол Аллаһқа серік қосқан болса, істеген амалдарының көптігі көмектеспейтініне нұсқау бар.

3. Хадисте «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» куәлігінің мағынасының түсіндірмесіне нұсқау бар, ал бұл – ширкті тастау және жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық ету.

4. Хадисте Жәннат пен Тозақ пендеге жақын екеніне, әрі оны олардан тек өлім ғана ажыратып тұрғанына нұсқау бар.

5. Хадисте ширктен қорғалған адамның артықшылығы мен оған берілетін сый-сауапқа нұсқау бар.

--------------------------------------------------------------------------------------------

БЕСІНШІ ТАРАУ:


5218087419328413.html
5218167912746319.html
    PR.RU™